USD
USD
USD

Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді

Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, соның ішінде өзара тауар айналымын арттыруға, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және цифрландыру салаларындағы қатынастарды дамытуға баса мән берді.

Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ білім беру, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-әрекет мәселелері талқыланды.

«Қазақстанда тәжік халқына ерекше құрметпен қарайды, сондай-ақ достық, бауырластық және өзара қолдау рухындағы ынтымақтастығымызды нығайтуға айрықша мән береді. Сондықтан бұл сапар өте маңызды. Жаңа ғана сіздің сапарыңызды тарихи сапар деп атап өттік. Өйткені ол елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығарады. Екі ел арасында Одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияға қол қойылады. Бізді алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Себебі одақтастық қарым-қатынас аясында жаңа стратегиялық жобалар жүзеге асырылады. Біз жаңа ғана екі немесе үш ірі стратегиялық жоба әзірлеу қажет екенін айттық. Екі ел үкіметтеріне осы міндетті жүзеге асыру жөнінде тапсырма бердік. Жақын арада екіжақты қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріледі деп ойлаймын», – деді Қазақстан Президенті.

Эмомали Рахмон Астанаға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және қазақ халқының дәстүрлі қонақжайлығы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ ол шағын құрамдағы келіссөздің нәтижелі болғанын және бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті.

«Біз Қазақстанмен арадағы өзара тиімді ынтымақтастыққа баса мән береміз. Стратегиялық серіктестік қағидаттарына негізделген тәжік-қазақ қатынастарының барлық бағытын дәйекті түрде дамытуға ниеттіміз. Бүгін біз тарихи құжатты – Одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияны қабылдаймыз. Бұл құжат екіжақты байланыстардың іргетасын айтарлықтай нығайта түседі. Дипломатиялық қатынастар орнаған отыз жылда біз ынтымақтастықтың барлық саласында елеулі табысқа қол жеткіздік. Жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалог бұл үдеріске ықпал ететіні сөзсіз. Осы уақыт аралығында мемлекетаралық ынтымақтастықтың қажетті тетіктері жасалды және ауқымды құқықтық база қалыптасты. Біз оны бүгін жаңа құжаттар топтамасымен толықтырамыз. Сауда-экономикалық байланыстар біздің қарым-қатынасымыздың маңызды бөлігі саналады. Қазақстан бірнеше жылдан бері Тәжікстанның сыртқы сауда құрылымында жетекші орынға ие», – деді Тәжікстан Президенті.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру