USD
USD
USD

Қазақстан мен Ресей жаңа қорық құрмақшы

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Қазақстанның биологиялық алуандығын сақтау бағытындағы шаралар туралы ақпар берді.

Қазақстан мен Ресей жаңа қорық құрмақшы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазір Қазақстанның биологиялық алуандығын сақтау қауымдастығы Михаэль Зукков қорымен бірлесіп Орталық Азияның қоңыржай шөлдерін сақтауға бағытталған CADI жобасын іске асыруда», – деп жазды Роман Скляр депутаттық сауалға берген жауабында.

Аталған ұйымдар Батыс Қазақстанда құрылған табиғи резерват пен Ресейдің Волгоград облысындағы «Эльтон көлі» биосфералық қорығының аумағын бірге қамтитын трансшекаралық биосфералық қорық құру жоспарын қолдауға дайын отыр.

«Табиғи резерват құрылғаннан кейін Ресей Федерациясымен трансшекаралық қазақ-ресей биосфералық қорығын құру бойынша келіссөздер басталады», – деп жазады Премьер-Министрдің орынбасары.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Роман Скляр депутаттық сауалға берген жауабында Бөкейорда табиғи резерватын құру жобасы аяқсыз қалмайтынын мәлім еткен болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy