USD
USD
USD

Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары Мәскеуде кездесу өткізіп жатыр

Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері Мұхтар Тілеуберді мен Сергей Лавровтың екіжақты кездесулері басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары Мәскеуде кездесу өткізіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. С.Лавров тараптар бірқатар бағыттар бойынша қарқынды байланыстарды, саяси диалог пен өзара іс-қимылды жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл ретте бүгін Мәскеуде өтіп жатқан ШЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесі толыққанды келіссөздер жүргізу үшін қолайлы жағдай жасайды. «Бізде екі жақты байланыстар тұрғысынан алғанда жылдың екінші жартыжылдығы бірқатар іс-шараға толы. Біз Көкшетауда Аймақаралық ынтымақтастық форумын жоғары дәрежеде өткізе аламыз деп үміттенеміз. Сондай-ақ Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысын қоса алғанда, басқа да іс-шаралар өз деңгейінде өтетініне сенімдіміз», - деп атап өтті С. Лавров. «Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенконың Қазақстанға сапарын қоса алғанда, бірқатар сапарлар жоспарланған. Әрине, біздің министрліктер БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың күн тәртібіне шығарылатын мәселелерді үнемі тексеріп отырады. Олардың қатарында Еуразиялық экономикалық интеграция, ТМД қызметі, ҰҚШҰ тақырыбы да бар», -деді РФ СІМ басшысы.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова