USD
USD
USD

Қазақстан мен Ресей премьерлері COVID-19 таралуына жол бермеу шараларын талқылады

Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы жөніндегі Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды

Қазақстан мен Ресей премьерлері COVID-19 таралуына жол бермеу шараларын талқылады
Фото: NEGE.kz

  Нұр-Сұлтан, NEGE. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті. 

«Тараптар сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік, ғарыш салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуды және ЕАЭО шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады», – делінген Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларға, сондай-ақ Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы жөніндегі Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Айта кетейік, Қарағанды фармацевтика кешені Қазақстан аумағында коронавирусқа қарсы «Гам-КОВИД-Вак» («Спутник V») вакцинасын тіркеу рәсімін аяқтады.

Алдын ала есептеулер бойынша, ақпан айының соңында Қазақстанның барлық өңіріне Қарағанды фармацевтика кешені өндірген «Спутник V» вакцинасының 90 мыңға жуық дозасы жеткізілмек.

Қазақстан – «Спутник V» вакцинасын мақұлдаған 27-ші мемлекет.  

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент