Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстан мен Өзбекстанға орталық Азиядағы сауда айнамалының 80% тиесілі

Ташкентте Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан мен Өзбекстанға орталық Азиядағы сауда айнамалының 80% тиесілі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлихан Смайылов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемін жеткізіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық әріптестіктің жарқын үлгісі екенін атап өтті. Жоғары деңгейде болған келіссөздер кезіндегі уағдаластықтарды іске асыруды Үкіметтер ерекше бақылауға алмақ. Сонымен қатар Премьер-министр ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысының қорытындысы туралы хабардар етті. Кездесу кезінде қазақ-өзбек шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын салудың маңызы да айтылды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Екі елдің өндірістік кооперация нәтижелері қуантады. Осы уақытқа дейін бұл бағытта 10 бірлескен жоба жүзеге асырылды. Құны 2,2 млрд доллар болатын тағы 46 жоба жоспарланған. Өзбекстан біздің стратегиялық серіктесіміз. Тұтас Орталық Азиядағы сауда айналымының 80 проценті Қазақстан мен Өзбекстанға тиесілі. Былтыр мемлекеттер арасындағы өзара алыс-беріс көлемі 30 пайызға өсіп, 5 млрд доллар болды. Демек, алға қойған мақсатқа жеттік. Қазіргі таңда президенттер жаңа межені айқындап берді. Келешекте сауда айналымын 10 млрд долларға дейін ұлғайтамыз деп сенемін.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық банктен кеткен Шолпанқұлов Solva Group директорлар кеңесінің құрамына кірді

Берік Шолпанқұлов

Үмітсіз берешекті есептен шығару кезінде кей қазақстандықты салықтан босату ұсынылды

жеке табыс салығынан босату

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды

Қуат Хамитов

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: МБИ басшысына қандай айып тағылды?

Мемлекеттік айыптаушылар