USD
USD
USD

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кеденшілер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Бұл жөнінде мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кеденшілер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. “Өткізу қабілетін арттыру мақсатында, қазақстандық және өзбек мемлекеттік органдар келісім бойынша күшейтілген режимге ауыстырылды. Осыған байланысты, өткізу пунктеріндегі кептелістер жақын арада жойылатын болады”, – делінген ақпаратта.

20 сәуірде ауа-райының қолайсыздығына байланысты, Өзбекстан республикасына өту үшін кезекте тұрған 200-250 көлік құралынан тұратын кептелік пайда болғаны айтылады.

Түркістан облысындағы "Қапланбек" кеден бекеті қайта жөндеуге жабылған. Осыған байланысты, 2023 жылдың 15 ақпанынан бастап "Қазығұрт" (ҚР) – "С.Наджимов" (ӨР), "Атамекен" (ҚР) – "Гулистан" (ӨР) өткізу пункттері арқылы жеке тұлғалар мен жеңіл көліктердің өткізілуі тоқтатылды.

“Дегенімен, шекаралық өткізу пунктерінің өткізу қабілеті төмендемегенін атап өту қажет. "Қазығұрт" және "Атамекен" кеден бекеттерінің әрқайсысы екі бағытта (импорт/экспорт) орта есеппен тәулігіне 350-400 жүк көлік құралдарын өткізуде. Ал модернизацияланған "Б. Қонысбаев" кеден бекеті 1 мыңнан астам көлік құралын өткізуде”, – деді комитет өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG

«Зор қолдау сездім»: Айжан Аймағанова Құрылтай депутаты ретіндегі екі аптасы қалай өткенін айтты

Құрылтай депутаты