USD
USD
USD

Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары футболдан жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесуін өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары футболдан жолдастық кездесу өткізеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еуро-2022 чемпионатына дайындық аясында Рикардо Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі жолдастық матч өткізеді. Қос кездесуде Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 14 және 15 желтоқсан күндері өтеді. Ойындар елорда уақытымен 19:00-де басталады. 

Билет құны әр ойынға - 1000 және 2000 теңге. 5 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін! Билеттерді тек zakazbiletov.kz сайтында онлайн сатып алуға болады. Арена кассаларында билеттер сатылмайды.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына жиналатын жанкүйерлердің саны 50 пайыздан аспайды. Әр ойынға сатылымға шыққан билеттердің саны – 1300. 

Стадионға кіру ASHYQ қосымшасының «жасыл белгісімен» ғана кіруге болады, сондай-ақ барлық санитариялық нормаларды (маска және әлеуметтік қашықтық) сақтай отырып жүзеге асырылады.

Қазақстан құрамасының барлық жанкүйерлерін Өзбекстанға қарсы матчтарда командамызды қолдауға шақырамыз. Алға, Қазақстан!

Қазір оқып жатыр

Қоныс аудару бағдарламасы жаңарды: кімдер 7 млн теңге ала алады?

Чемодан, саяхат, көшу

АҚШ пен Иран келіссөздері аясында мұнай бағасы қайта өсті

Мұнай

Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті

.

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.