USD
USD
USD

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы алты айда $2,2 млрд-қа жетті

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы артты. 

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы алты айда $2,2 млрд-қа жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстанның негізгі үш сыртқы сауда серіктесінің қатарына кірді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Өзбекстан Республикасы статистика агенттігінің ақпараты бойынша, 2023 жылдың қаңтар-маусымында елдегі сыртқы сауда айналымы 29,2 млрд долларға жетіп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,7 млрд долларға немесе 19,4 %-ке артқан.

Қазіргі уақытта Өзбекстан әлемнің 183 елімен сауда-саттық орнатқан. Елдің негізгі сауда серіктесі – Қытай.

Екі ел арасындағы айналым $5,2 млрд (жалпы көлемнің 18,1%-і) болды.

Екінші орында 4,4 млрд доллармен (15,1%) Ресей орналасқан. Үздік үштікті 2,19 млрд доллармен (7,5%) Қазақстан түйіндеді.

Жалпы тауар айналымы бойынша Өзбекстан Қазақстанға 699,3 млн долларлық тауар экспорттаған, ал импорт 1496,2 млн доллар болды.

Бұған дейін 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Өзбекстанның екіжақты тауар айналымы 5 млрд долларға жеткені хабарланған.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған