Қазақстан мен Қытайдың жол саласы мамандары өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды
Еліміздегі жол саласының ғалымдарыавтожолқұрылысы бойынша Қытай елініңтәжірибесінүйреніп жатыр.
Адматы, NEGE. Қазақстан жол ғылыми-зерттеуинститутының сарапшылары Қытайға барып, көршілес елдің жолқұрылысы саласын нормативтіктұрғыда реттеу, жобалау, құрылысты жүргізу, жолдыпайдаланып, автожол құрылысындағыэкономикасымен танысып жатыр. Бұған қосақазақстандық мамандар Қытай ХалықРеспубликасының жол-құрылыссаласындағы техникалық базасымен жақынырақтанысуға мүмкіндік алады.
Делегацияның құрамында институттың вице-президенті Серік Өмірбаев, Жол-құрылыс материалдары және жаңатехнологиялар департаментінің директоры ӘселНұғманова және басқа да мамандар бар.
Жұмыс барысындағы кездесулердің бірінде институтөкілдері Цзянсу Көлік институтымен(Jiangsu Transportation Institute) ынтымақтастық туралымеморандумға қол қойды.
«JSTI-мен арада ынтымақтастықтуралы меморандумға қол қойылып, екі елдің жол-зерттеу институтын құрып, ұйымдастырумәселелері талқыланды. Қытайдағы нормативтік-техникалық базаны реформалау мәселелері қаралып, жаңа технологияларды енгізу тәртібі зерттелді.Сондай-ақ тығыз ынтымақтастықты арттыружөніндегі алдағы жоспарлар пысықталды», деді А.Нұғманова.
Естеріңізге сала кетейік, «ҚазжолҒЗИ» АҚ еліміздегіавтожол саласының нормативтік-техникалықбазасын реформалау бойынша жұмыстарды жүргізіпкеледі. Ұйымның сарапшылары жаңа технологиялармен әлемдік тәжірибені ескере отырып, жолсаласының нормативтік базасының жаңақұрылымын әзірлеп жатыр. Аталған міндет таяу жәнеалыс шет елдердің озық тәжірибесі негізінде жүзегеасырылмақ. Осыған байланысты жоғарыда аталғанмеморандум жасау бойынша бастама көтерілді.