USD
USD
USD

Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізеді

Қазақстан мен Қытай Үкіметі екі бағытта да өз азаматтары үшін визасыз режим енгізуді жоспарлап отыр. Мұндай қаулының жобасын Сыртқы істер министрлігі әзірледі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар Қытайда, ал ҚХР азаматтары Қазақстанда визасыз бола алады, шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен және 180 күндік кезеңде 90 күннен аспайтын мерзімде бола алады.

Егер осы елдердің бірінің азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағында көзделген мерзімнен ұзағырақ қалуға ниет білдірсе, онда олар мемлекет аумағына кіргенге дейін тиісті визаға жүгінуге тиіс.

Қазақстандықтар үшін жарамды жол жүру құжаттары:

  • ҚР азаматтының төлқұжаты;
  • ҚР аумағына қайту туралы куәлік.

Қытай азаматтары үшін:

  • ҚХР азаматының жартылай қызметтік төлқұжаты;
  • ҚХР азаматының төлқұжаты;
  • уақытша жол жүру құжаты.

"Келісімге қол қою Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға серпін береді", - делінген қаулыда.

Құжат 19 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

Қазанға арналған ауа райы болжамы

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша

Ұлттық қор активін 100 млрд долларға жеткізу мерзімі кешеуілдеуі мүмкін: себебі неде?

Тиындар

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov