USD
USD
USD

Қазақстан мен Қытай арасында почта байланысын уақытша тоқтады

Қытайдың почта әкімшілігінің бастамасымен Қазақстан мен Қытай арасындағы автокөлік, әуе және теміржол бойынша почта байланысы тоқтатылды. Бұл туралы «Қазпочтаның» жарнама және PR департаментінің директоры Дилара Зарлықова Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Қазақстан мен Қытай арасында почта байланысын уақытша тоқтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан келетін хат немесе сәлемдеме арқылы коронавирус жұқпайтынын мәлімдеген. Коронавирус адам ағзасынан тыс ұзақ уақыт өмір сүре алмайды, сондықтан мұндай жолмен жұқтыру қатері жоқтың қасы деген еді дәрігерлер.

«Дегенмен Қытай тарабының бастамасымен барлық почта байланысы тоқтатылды. Осыған байланысты «Қазпочта» Қытайға жөнелтілетін және өзге елдерге Қытай арқылы жеткізілетін (Бангладеш, Бруней, Бутан, Бирма, Камбоджа, Малайзия, Моңғолия, Непал, Лаос, Солтүстік Корея, Таиланд, Шри-Ланка, Филиппин, Тайвань) почталық хат-хабар, сәлем-сауқат қабылдауды тоқтатуға мәжбүр», - дейді Дилара Зарлықова.

 

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.