USD
USD
USD

Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтерінің басшылары келіссөздер жүргізді

Шолпан-Атаға жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен екіжақты келіссөз жүргізді.

Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтерінің басшылары келіссөздер жүргізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Кездесу басында Әлихан Смайылов Ресей Федерациясының Ульянов облысында Қырғызстан азаматтарының көлік апатына ұшырап, қаза болуына байланысты көңіл айтты.

«Осындай ауыр кезде қайғыларыңызға ортақпын, зардап шеккендердің тез сауығып кетуін тілеймін. Қазақстан Президенті және өз атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға және жалпы бауырлас қырғыз халқына көңіл айтамын», — деді Премьер-Министр. 

Үкімет басшысы Қырғыз Республикасының бауырлас ел, сондай-ақ Қазақстанның өңірдегі негізгі саяси және экономикалық әріптестерінің бірі екенін атап өтті.

«Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша табысты өзара іс-қимыл жолға қойылған», — деді Әлихан Смайылов. 

Премьер-Министр осы жылдың наурыз және мамыр айларында өткен мемлекет басшыларының кездесулері барысында екіжақты стратегиялық әріптестіктің алдағы бағыттары айқындалғанын еске салды.

«Біздің негізгі мақсатымыз – мемлекет басшылары қойған міндеттерді толық жүзеге асыру және қазақ-қырғыз ынтымақтастығын одан әрі нығайту. Атап айтқанда, өзара сауда көлемін 2 миллиард долларға дейін ұлғайту», — деді Әлихан Смайылов. 

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры