USD
USD
USD

Қазақстан мен Қырғызстан сауда рәсімдерін жеңілдетуге келісті

Қырғыз Республикасына жұмыс сапары барысында  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиевпен кездесті.

Қазақстан мен Қырғызстан сауда рәсімдерін жеңілдетуге келісті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Екі елдің вице-премьерлері "Қарасу" және "Ақ-тілек" автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешеннің іске асырылу барысымен танысты.

Екі елдің вице-премьерлері "Қарасу" және "Ақ-тілек" автожол өткізу пунктері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешеннің іске асырылу барысымен танысты.

Тараптар ИТЛК қызметін реттеу туралы үкіметаралық келісімге қол қоюды 2022 жылғы қазанға дейін пысықтауға уағдаласты.

Айта кетейік, бірлескен ИСЛК құру және оның жұмыс істеу тұжырымдамасы ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 27 қарашадағы Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапарының және Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бесіші отырысының қорытындылары бойынша екі ел басшыларының тапсырмасына сәйкес әзірленді.

Сондай-ақ сапар аясында вице-премьер Қазақстан-Қырғыз сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысына қатысты. 

Серік Жұманғарин Қырғыз Республикасы Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Тараптар өзара сауданы ұлғайту мақсатында отырыс барысында қол қойылған "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру ниеті туралы өзара түсіністік туралы" меморандум шеңберінде Қырғыз Республикасынан Қазақстанға ерте жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді жүзеге асыру жөнінде уағдаласты.

Сондай-ақ қол қойылған "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында тараптар сауда рәсімдерін жеңілдетуге, бизнес жүргізу шығындарын азайтуға келісті және елдер арасындағы электрондық құжаттармен өзара алмасудағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті