USD
USD
USD

Қазақстан мен Ауғанстан Әскери ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойды

Қазақстанның қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен Ауғанстан президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мохиб кездесті. ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, кездесуде Ауғанстан төңірегіндегі ахуал жөніндегі мәселелер талқыланды.

Қазақстан мен Ауғанстан Әскери ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев еліміз Ауғанстандағы республикалық демократиялық жүйенің сақталуын қолдайтынын атап өтті. Министр шетел әскерлерінің шығарылуы елдегі жағдайды тұрақтандыруға негіз болады, сондай-ақ қақтығысушы тараптардың келіспеушіліктерін жою үшін ымыралы шешімдер табылады деген үмітін білдірді. Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойылды. Аталмыш құжат 2017 жылғы шілде айында Ауғанстан Ислам Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Мохаммад Атмардың Қазақстан Республикасына сапары барысында жасалған келісімі негізінде әзірленді.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға