USD
USD
USD

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасы ашылуы мүмкін

Бұл туралы 2-ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақордада» Қазақстанға ресми сапармен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоны қабылдау кезінде айтылды. Кездесу жайлы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасы ашылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы кезінде АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездескенін атап өтіп, Америка көшбасшысына өзінің сәлемін жолдады. Қ.Тоқаев америкалық әріптесімен әлемнің кез келген жерінде кездесуге дайын екенін, дегенмен, Трамптың Қазақстанға келгенін жөн санайтынын айтты.

Өз кезегінде АҚШ-тың сыртқы саяси ведомствосының басшысы екі ел арасында халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау бағыттарында дәстүрлі әрі сенімді серіктестік қалыптасқанын жеткізді.

– Біздің экономикалық байланыстарымыз өте жақсы. Екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігі қарастырылуда. Энергетикалық бағыттағы ынтымақтастықтан бөлек, басқа да салалардағы байланыстарды өркендету үшін әлеуетіміз зор, – деді Майкл Помпео.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Американың Орталық Азияға қатысты жаңа Стратегиясының негізгі ережелері туралы мәлімет берді. Қ.Тоқаев  3-ақпанда Ташкентте өтетін С5+1 (Орталық Азиядағы бес ел + АҚШ) диалогы форматының маңызды екенін атап өтіп, кезекті отырыс жұмысына табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Майкл Помпео Әуе қатынастары туралы үкіметаралық келісімге қол қойылғанын құптады. Аталған құжат «ашық аспан» қағидаттарына жауап береді, сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ арасында тұрақты әрі тікелей әуе рейсін ашу үшін құқықтық негіз қалайды дейді Ақорда сайты.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

журналистика

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

.

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

.