USD
USD
USD

Қазақстан мектептеріне жаңа пән енгізу ұсынылды

Күзетші мен турникеттің орнына қауіп-қатерге қарсы әрекет ету дағдыларын үйрететін пән енгізілу ұсынылды. Бұл ұсынысқа қазақстандық мектептердегі ата-аналар одағы бастама жасады. Барлық ТЖ-дан кейін оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі көтеріліп отыр. Кейбір ата-аналар балалар өздерін қорғай алуы тиіс деп санайды, деп хабарлайды  Информбюро жаңалықтар қызметі. 

Қазақстан мектептеріне жаңа пән енгізу ұсынылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Денис Суслов – үш баланың әкесі. Қауіпсіздік және жеке қорғаныс саласының маманы. Денис мектептерді турникеттермен, бейнебақылаумен және терезелердегі торлармен жабдықтау балаларды қауіптен қорғамайды деп санайды.

Ол балаларға бірқатар дағдыларды үйретуді ұсынады.

“Ең алдымен, бала психологиялық тұрғыдан дайын болуы керек. Ол қылмыскердің түр-сипаты қандай болатынын, қандай әрекеттер жасай алатындығын ажырата білуі керек. Бала көшеде жүргенде, не үйде жалғыз қалғанда қандай жағдай орын алуы мүмкін екенін білуі тиіс”, – дейді Құқық қорғау органдарының арнайы дайындық орталығының жетекшісі Денис Суслов .

Айтуынша, қазіргі заманда балаларды өзін-өзі қорғау дағдыларына үйрету қажет. Оның пікірінше, мұны арнайы дайындықтан өткен дене шынықтыру немесе АӘД мұғалімдері өтуі тиіс.

Бұл модель Германия мен Чехияда бірнеше жылдан бері сәтті қолданылып келеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы