USD
USD
USD

Қазақстан Мәскеуде ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілдігін ашуға ниетті

Өкілдікті ашу бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Қазақстан Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) жанынан тұрақты өкілдігін ашуға ниетті танып отыр

Қазақстан Мәскеуде ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілдігін ашуға ниетті
Фото: NEGE.kz

.

Астана. NEGE. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.  Жарлық жобасы сейсенбіде электрондық үкімет сайтында жарияланған. Ол биыл 15 ақпанға дейін қоғамдық талқыға салынады.

 "Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанынан Қазақстанның тұрақты өкілдігін ашу", - деп жазылған Мемлекет басшысының жарлығында.

Жарлық ҰҚШҰ жанындағы тұрақты кеңестегі Қазақстанның өкілетті өкілінің мәртебесін ұйымның нормативті құқықтық базасына және Қазақстанның дипломатиялық қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленген. Жарлық іске асыру өкілетті өкіл мен оның аппаратын республиканың шет елдердегі мекемелерінің бірыңғай штат санына енгізу үшін ҚР СІМ-нің штат санының лимитіне өзгерістер енгізуді талап етеді. 

"Жобаны іске асыру қосымша қаражат бөлуді талап етеді", - деп жазылған құжатта.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино