USD
USD
USD

Қазақстан құрамасының Токио Олимпиадасына арналған киім үлгісі ұсынылды

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті Токио-2020 Олимпиадасына арналған команданың киім үлгісін ұсынды.

Қазақстан құрамасының Токио Олимпиадасына арналған киім үлгісі ұсынылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Salta" брендімен танымал Салтанат Баймұхамедова Олимпиадаға арналған киімнің дизайнері болған. Қазақстандық спортшыларға арналған спорттық форманы Испанияның Joma компаниясы дайындаған.

Токиоға арналған жиынтықты дайындауда спортшыларға дизайн, маталар мен тігін бұйымдары бойынша шешуші таңдау берілді. Биыл қаңтардан бастап еліміздің жетекші спортшылары олимпиадалық киімді таңдауға арналған сауалнамалар, презентациялар мен кездесулерге қатысты.

"Әрбір спортшы үшін Олимпиада ойындары - бұл спорт мансабындағы ең маңызды оқиға, арманға бастаған, ұзақ жылға созылған қажырлы жаттығудың нәтижесі. Олимпиаданы кейінге қалдыру, бәсекелестік тәжірибенің болмауы, іріктеу турнирлерін кейінге қалдыру немесе оларды күнтізбеден алынып тасталуы сынды оқиғалар былтырдан бері Токио Олимпиадасы шеңберінде белгізіздік болды. Бүгінде біздің міндетіміз - оларға барлық жағынан, соның ішінде олимпиадалық киім сияқты мәселелерде барынша қолайлы жағдай жасау. Сондықтан, 35 спортшыдан тұратын комиссия форманы таңдау құқығын алды және олар өздері Токиода оларға киюге не ыңғайлы болатынын анықтады", - деді Ұлттық Олимпиадалық комитетіндегілер. 

"Олимпиадалық форма қандай болатынын таңдамас бұрын, спортшылардың өздерінен пікір сұрады. Біз маталарды таңдауға қатысып, эскиздерді талқыладық, ұсыныстар жасадық. Олимпиада ойындарында сыртқы келбет қана емес, сонымен қатар форманың да маңызы зор", - дейді Елдос Сметов.

"Спортшылар үшін ең алдымен сапа мен жайлылық маңызды, өйткені бұл біздің келесі дайындық және жұмыс апталарына арналған киімдеріміз. Біз үшін маңызды факторлар өте көп. Бәрінен бұрын оның нақтылығы, дәлділігі, жинақтылығы маңызды. Спортшылардың киімдерін арнайы күтініп қарауына уақыттары болмайды. Көп уақыт жолда өткізетін болғандықтан оңай кірленбейтін, мыжылмайтын киім үлгісінің болғаны жақсы. Себебі сапалы матадан тігілген киімдер киюге және еркін қозғалуға ыңғайлы. Біз өткен олимпиадаларға қатысу тәжірибемізді ескере отырып, өз ұсыныстарымызды жібердік. Біз барлық тілектеріміздің орындалғанына өте қуаныштымыз", - дейді Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин.

Олимпиадалық киім формасына кэжуал форматында таңдалынған. Дизайнер коллекцияның ыңғайлылығына, беріктігіне, шыдамдылығына кепілдік береді, сонымен қатар бұл киімдерге күтім жасау оңай және мыжылмайды деп атап өтті, Олимпиада формасының дизайнері Салтанат Баймұхамедова.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай