USD
USD
USD

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Исламханның футболға қашан оралатынын айтты

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Талғат Байсуфинов Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Бауыржан Исламханның футбол оралуына байланысты пікірін білдірді. 

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Исламханның футболға қашан оралатынын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Мен онымен сөйлестім. Не туралы екенін айта алмаймын. Ол өз арамызда қалады. Ең бастысы - ол футбол ойнағысы келіп, жанып тұр. Оның ниеті жақсы. Исламхан үшін уайымдамаймын. Енді ол өз дайындығын ретке келтіру керек. Қайта оралған кезде жалпы команда жарақатсыз қосылу үшін. Жеке дайындығына ерекше назар аударғаны дұрыс. Жалпы командамен жаттығуға дайын болу керек", - деді Байсуфинов. 

Еске салайық, Исламханның жаза мерзімі қараша айында аяқталады. Қазір футболшы жеке дайындалуда. Жуырда ол Алматының орталық стадионында Қазақстанның аңыздар құрамасы сапында кездесуге де қатысты. 

Қазір оқып жатыр

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама