USD
USD
USD

Қазақстан құрамасы «Turan barysy» Азия кубогының жеңімпазы атанды

 Қазақстан құрамасы Түркістан өткен «Turan barysy» Азия кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан құрамасы «Turan barysy» Азия кубогының жеңімпазы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан қаласында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия кубогы өтті. Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Мажарстан балуандары қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Балуандар екі топқа бөлініп, жеті салмақ санатында айналмалы жүйеде күресті. Екі топтан іріктелген Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан құрама командалары жүлделі орындарға таласты.

Әзербайжан елінің өкілдерін қапы қалдырған қырғыз өрендері қола жүлдені иеленді. Ал тартысқа толы күрес бәсекесінің ақтық айқасы Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасында өтті. Айтулы доданың ақтық бәсекесінде 4:3 есебімен Қазақстан балуандары жеңіске жетіп, «Turan Barysy» додасының чемпионы атанды.

Алғаш рет ұйымдастырылған күрес сайысында бірінші орын алған команда 10 000 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық алса, екінші орынға — 6 000 000, үшінші орынға — 4 000 000 теңге табысталды. Сондай-ақ жеңімпаз командаларға кубок ретінде Түркістан символы – Тайқазан берілді.

Айта кетейік, іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің, сондай-ақ «Qazaq kuresi» қауымдастығының, «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қорының ұйымдастыруымен өтті.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес