USD
USD
USD

Қазақстан құрамасы шахмат олимпиадасына тусыз шықты

Күні кеше Үндістанның Ченнай қаласында 44-рет өткізіліп жатқан Шахмат олимпиадасының ашылу салтанаты өтті. Әлемнің 186 елінен 1736 шахматшы бақ сынайтын олимпиадада Қазақстан құрамасы ғана Ту алып шықпады. Бұл туралы шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова Facebook-тағы парақшасында жазды.

Қазақстан құрамасы шахмат олимпиадасына тусыз шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Шахматтың отаны Үндістанда биыл алғаш рет 186 ұлттық құраманың шеруімен Олимпиаданың ашылу салтанаты өтті. Бірақ онда 185 мемлекеттің жалауы болды. Неліктен 186 команда бола тұра, 185 ту деп сұрайтын шығарсыздар? Себебі ҚР құрамасының Олимпиадаға қатысуын ұйымдастыратын жауапты Қазақстан Шахмат федерациясы алдын ала қамданбаған, жалауды керек етпеген. 20 мың теңгені аяп, ҚШФ басшылығы Қазақстан құрамасын мемлекеттік тумен қамтамасыз етпей, бүкіл Қазақстан халқына құрмет көрсетпеді.

Бәрін ұмытып кетуге болады, бірақ туды естен шығарғандарын кешіру мүмкін емес! Өйткені, ұлттық құраманы ұлттық құрама ететін де дәл осы – Ту! Ал бүгін бүкіл әлем Олимпиада ойындарында тусыз, Отаны жоқ қаңғыбас сияқты жүріп өткен біздің құраманы тамашалады! Ұят!» - деп мәлімдеді Таңжарықова Facebook-те.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу