USD
USD
USD

Қазақстан құрамасы дес бермей келеді

Баскетболдан Қазақстан құрамасы 2021 жылғы Азия кубогына іріктеу кезеңінде Палестинадан басым түсті.

Қазақстан құрамасы дес бермей келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық баскетболшылар F тобында сынға түсуде.

Қарсыластары - Иордания, Палестина және Шри-Ланка құрамалары.

Бүгін қазақстандықтар Палестинаны 93:56 есебімен жеңді. Топтағы алғашқы ойындар 2020 жылдың 21 ақпанында басталды. Сол күні Қазақстан Палестинаны 79:76 есебімен жеңді. Одан кейін 24 ақпанда Иорданияға 68:71 есебімен жол берді.

Бұдан кейін коронавирус инфекциясына байланысты ойындар кейінге шегерілді. Ол биылғы жылдың 18 ақпанында қайта жалғасты. Қалған ойындардың барлығы Бахрейнде өткізілетін болып шешілді.

Сол күні қазақстандық баскетболшылар Шри-Ланканы 111:52 есебімен сүріндірді. Қазақстан құрамасы төрт ойыннан кейін 7 ұпай жинап, көш басында тұр.

Одан кейінгі орында олардан екі ойыннан 4 ұпай жинаған Иордания келеді. Ал 3 кездесу өткізген Палестинаның 4, Шри-Ланканың 3 ұпайы бар.

Қазақстан келесі ойынын 21 ақпанда Иорданияға қарсы өткізеді. Ал 22 ақпанда Шри-Ланкамен тағы бір мәрте шеберлік байқасады.

Айта кетейік, Азия кубогы 16-28 тамыз аралығында Индонезияда өтеді. Әрбір топта бірінші және екінші орын алған құрамалар аталған турнирдің финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Үздік үштікке іліккендер қосымша кезеңде сынға түсіп, жолдамаларды сарапқа салады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.