USD
USD
USD

Қазақстан қосымша жүк паромдарын сатып алуы мүмкін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Индустрия, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне жылжымалы темір жол құрамдары мен теңіз паромдарын сатып алу шараларын әзірлеуді тапсырды.

Қазақстан қосымша жүк паромдарын сатып алуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жылжымалы жүк вагондарының паркі жылдан жылға тозып келеді. Ал толыққанды теңіз сауда флотының болмауынан, теңіз логистикалық инфрақұрылымын толық қуатында пайдалана алмай отырмыз. Сондықтан Индустрия министрлігіне Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен, «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, жылжымалы темір жол құрамдары мен теңіз паромдарын сатып алу және жаңарту үшін қолдау шараларын әзірлеуді тапсырамын», - деі ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол биыл республикалық маңызы бар 3,6 мың шақырым автожол салынып, жөнделетінін атап өтті.

«Индустрия министрлігі «Қазавтожол» компаниясымен бірге биылғы құрылыс маусымын барынша тиімді пайдаланып, жоспарланған 8 учаскенің барлығын іске қосуды қамтамасыз етсін. Транзиттік тасымал әлеуетін арттыру үшін шекарадан өту кезіндегі әкімшілік кедергілерді азайту қажет. Кедендік-шекаралық рәсімдерді мүмкіндігінше жеңілдету керек», - деді Премьер-Министр.

Қазір оқып жатыр

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи