USD
USD
USD

Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

Бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші «алтын» түсті. 

Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшы Айсұлу Мұхит  Ереванда (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатында финалдық кездесуін өткізді. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.  

66 келі салмақтағы боксшылар арасында өткен финалдық кездесуде Айсұлу Мұхит Румыния өкілі Амалия Тугуимен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Айсұлу Мұхит әлем чемпионатының «алтынын» жеңіп алды. Бұл – Қазақстан құрамасының биылғы турнирдегі үшінші медалі. Бұған дейін Аяжан Сыдық (54 келі) пен Толғанай Қасымхан (60 келі) финалда жеңіске жетті. 

Ертең Қазақстан құрамасынан Нұрасыл Төлебек (54 келі) финалдық кездесу өткізеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова