USD
USD
USD

Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр

Қазақстан коронавирустың келесі толқынына дайындалып жатыр, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифингіде.

Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  - Қазір жағдай тұрақты. Негізгі көрсеткіштер төмендеді. Бірақ біз көрші және әлемнің басқа да елдерін бақылап отырмыз. Италияда, Испанияда, Германияда, Түркияда аурудың күрт өсімі байқалуда. ТМД-да өсім Қазақстанға қарағанда 0,5%-ке жоғары. Сондықтан біз коронавирустың келесі толқынына дайындалып жатырмыз, - деді Цой.

Оның айтуынша, олар қазіргі уақытта бар 71 мыңнан астам төсек-орынға қосымша тағы 10 257-сін әкеліп орналастырмақ.

Ол бүгіндері екі ірі емхана КВИ науқастарды қабылдауға маманданып, жаңғыртылып жатқанын, 3 640 мобильді топ ұйымдастырылғанын, биылғы эпидемиялық маусымда ауруханалар 5 998 өкпеге жасанды жолмен ауа беретін аппаратпен қамсыздандырылатынын айтты.

- Санитарлық көлік қызметі де қайта жарақтандырылып жатыр. 1 167 бірлік көлік қосымша сатып алынады және өңірлерге жеткізіледі. Ауылдық жерлерге көмек қолжетімді болуы үшін 100 жылжымалы медициналық кешен, 53 рентген аппараты шалғай өңірлерге жіберіледі, - деді министр.

Ол сонымен қатар жаңа эпидемиялық маусымда тұмауға қарсы 2 199 990 доза екпе қосымша сатып алынғанын айтты.

- Қазір ол вакциналар аймақтарға барып түсті. 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін тұмауға қарсы жаппай екпе жүргізіледі. Кейбір өңірлер бұл жұмысты бастап та кетті. Біз әртүрлі елден және өндіруші компаниялардан КВИ-ге қарсы 5 миллион 580 мың доза вакцина сатып алу мүмкіндігін, оны Қазақстан аумағына жеткізу мәселелерімен де айналысып жатырмыз. Сонымен қатар қазақстандық вакцина мәселесін де қарастырып жатырмыз, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны