USD
USD
USD

Қазақстан коронавируспен күресу үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады

Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы қарыз келісімін ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

Қазақстан коронавируспен күресу үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Фото: NEGE.kz

 Нұр-Сұлтан, NEGE. Қазақстан пандемиямен күресу үшін Азия даму банкі және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен жалпы сомасы 1,5 миллиард еуро қарыз алады. Мәжіліс тиісті заң жобаларын мақұлдады. Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы қарыз келісімін ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.  Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, Қазақстан Азия даму банкінен 908 миллион 596 мың еуро қарыз алады. Келісімге ел президентінің 2020 жылдың 13 тамызындағы жарлығына сәйкес қол қойылды. 

«Бұл Қазақстан үкіметінің COVID-19 салдарымен күрес және экономиканы қалпына келтіру жөніндегі шараларын қолдауға мүмкіндік береді», – деді министр. 

Қарыз өтеу мерзіміне қатысты екі бөлікке бөлінген. Қарыздың бір бөлігі – 454 миллион 298 мың еуро – үш жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда, 10 жыл мерзімге беріледі. Ал қалған 454 миллион 298 мың еуро бес жылға беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі ‒ Еурибор+0,50%. 

Жамаубаев қарызға қызмет көрсету және оны өтеу республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатынын атап өтті. 

«Бұл қаржыны тарту бюджеттің бекітілген тапшылығы жағдайында аса қажет болып отыр. Келісімнің жақын арада күшіне енуі маңызды. Азия даму банкі пандемияға қарсы күрес жөніндегі арнайы шешімімен Қазақстан үшін бұл ақшаны осы жылға резервтеп қойған», ‒ деді ведомство басшысы. 

«Қарыз бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады. Яғни COVID-19 пандемиясының салдарына қарсы күрес және экономиканы қалпына келтіру бойынша Қазақстан үкіметінің шараларын қолдауға мүмкіндік береді», ‒ деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. Қарыз үш жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда, 10 жылға беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі ‒ Еурибор+0,50%.  Келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес, қарызға қызмет көрсету және оны өтеу республикалық бюджет есебiнен жүзеге асады. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.