USD
USD
USD

Қазақстан Қытайдан жеміс тасымалдауды уақытша тоқтатты

Қазақстан Қытайдан кейбір жемістерді алып келуді уақытша тоқтатты, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің (АШМ) баспасөз қызметі.

Қазақстан Қытайдан жеміс тасымалдауды уақытша тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2020 жылдың 2 наурызынан бастап ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қытай Халық Республикасынан сүйекті, шекілдеуікті және цитрусты дақылдарды (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 0808, 0809 және тиісінше 0805) алып келуге уақытша тыйым салды. Тыйымды енгізуге Қытайдан Қазақстан аумағына кіргізілетін өнімдерде «карантиндік объектілердің» жүйелі түрде анықталуы негіз болды», - делінген хабарламада.

Хабарда айтылғандай, фитосанитарлық шаралар жөніндегі Халықаралық стандарттың ережелеріне сәйкес ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті ҚХР-ның Бас кеден басқармасының атына карантинге жатқызылған өнімді алып келу кезінде халықаралық және бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптардың бұзылуы туралы нотификация жолдады.

«ҚХР карантиндік қызметі ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті жолдаған ресми хабарламаны қарастырып, әрекет ету шараларын күшейтуді ұсынды. Атап айтқанда, Қытай тарапы жүйелі сипатта орын алған бұзушылықтар жекелеген жеміс-жидек бақшаларының карантиндік объектілерге қарсы алдын алу шараларын жүргізбеулеріне байланысты екенін анықтады», - делінген хабарда.

Барлық көрсетілген жағдайда карантинге жатқызылған өнімді (12 мың тауар бірлігі) кері қайтару жүзеге асырылды. Сонымен қатар, 2 млн теңгеге 27 айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Қарағандының ғылыми қауымдастығымен кездесті

.

Ұлттың өркендеуі жеке бастың мәдениетімен тікелей байланысты – Ерлан Қарин

Конституция жобасын талқылау

«Ұмай» әйелдер ипотекасы конкурссыз берілмек

Ұмай

Никол Пашинян тамызда Армения үкіметі отставкаға кететінін мәлімдеді

Никол Пашинян