USD
USD
USD

Қазақстан қаңтардағы оқиғалардың тергеу нәтижесін жария етеді

  Қазақстан қаңтардағы оқиғаларды тергеу аяқталғаннан кейін оның нәтижесін жариялайды.

Қазақстан қаңтардағы оқиғалардың тергеу нәтижесін жария етеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық құқық қорғаушылар қаңтардағы қайғылы оқиғаларға тергеуді өздері жүргізеді және оның нәтижесін әлем қауымдастығына ұсынадыБұл туралы Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Марғұлан Баймұханның НАТО-ның Кавказ және Орталық Азия жөніндегі бас хатшысының арнайы өкілі Хавьер Коломинамен кездесуі кезінде белгілі болды.

Кездесу барысында арнайы өкіл Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айтты. Қазақстандық дипломат жақында ғана Қазақстанда болған оқиғалардың себебі мен салдары туралы әріптесіне әңгімелеп, халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдегі тіршілікті қалпына келтіру бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларды баяндады, деп хабарлайды Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан билігі жіті және толыққанды тергеу жүргізіп жатқаны және оның нәтижесі әлем қауымдастығына ұсынылатыны айтылды», – деп жазылған хабарламада.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың сапалы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету және елді одан әрі табысты дамыту бойынша жаңа үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды.

Тараптар осы аталған мәселелерден басқа «Бір серіктес – бір жоспар» тұжырымдамасы аясындағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды талқылады.

Біраз бұрын Тоқаев Қазақстандағы қайғылы оқиғаларға халықаралық деңгейде тергеу жүргізуге қажеттілік жоқ екенін мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино