USD
USD
USD

Қазақстан Ислам ойындарын жалпыкомандалық есепте 5-орынмен аяқтады

Түркияның Конья қаласында Қазақстан құрамасының қатысуымен өткен V Ислам ынтымақтастығы ойындары аяқталды.

Қазақстан Ислам ойындарын жалпыкомандалық есепте 5-орынмен аяқтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  54 ислам мемлекетінің спортшыларымен өткен жарыста қазақстандық спортшылар делегациясы 89 жүлдеге ие болды: 27 алтын, 23 күміс және 39 қола еншіледі.

Бұл жарыстарда Қазақстанның намысын жарыстың 16 түрі бойынша 125 спортшы қорғады. Екі апталық шайқастардың қорытындысы бойынша қазақстандықтар жеңіс тұғырының ең биік сатысына 27 рет көтеріліп, жалпыкомандалық медальдық есепте бесінші орыннан көрінді.

Ал Ислам ойындарының көшбасшысы Түркия болды. Түріктердің еншісінде 341 медаль бар: 145 алтын, 107 күміс және 89 қола. Олардан кейін Өзбекстан, Иран және Әзірбайжан тұр.

Салыстыру үшін айта кетейік, 2017 жылы өткен IV Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасы сапында спорттың 7 түрінен 35 спортшы қатысқан еді. Нәтижесінде қазақстандықтар 2 алтын, 5 күміс және 12 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 14-орынға тұрақтаған еді.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар