USD
USD
USD

"Қазақстан халқына" қорына қаржы аударғандар тізімі жарияланды

"Қазақстан халқына" қорының сайтында қайырымдылыққа қомақты сома аударғандар тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

"Қазақстан халқына" қорына қаржы аударғандар тізімі жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Қор сайтында Қазақстан халқына көмектескісі келетіндер қор шотына қаражат аудара алатыны, ол халықтың игілігі үшін жобалар мен даму бағдарламаларын іске асыруға бағытталатыны айтылды.

Заңды тұлғалар арасында ең көп сома аударғандар:

Eurasian Resources Group (ERG) - 30 миллиард теңге;

"HALYK Қайырымдылық қоры" ЖҚ - 12 миллиард теңге;

Болат Өтемұратов қоры - 10 миллиард теңге;

Kaspi Bank - 7 миллиард теңге және "Kaspi дүкен" ЖШС - 3 миллиард теңге;

Altyntau Kokshetau - 6,47 миллиард теңге;

KAZ Minerals Aktogay - 6,2 миллиард теңге;

KAZ Minerals Bozshakol - 6,2 миллиард теңге;

"Қазмырыш" - 5,855 миллиард теңге;

Kazakhmys Smelting - 5 миллиард теңге;

"Шығыстүстімет" - 3,1 миллиард теңге;

"Қазақстан Халық жинақ банкі" - 3 миллиард теңге;

"КаР-Тел" ЖШС - 2 миллиард теңге.

Компаниялардан басқа қорға жеке тұлғалар да ақша аударды. Ең көп сома аударғандар:

Данияр Әбілғазин - 500 миллион теңге;

Яков Цхай - 500 миллион теңге;

Тимур Турлов - 500 миллион теңге;

Диас Сүлейменов - 450 миллион теңге;

Дінмұхамет Ыдырысов - 300 миллион теңге.

Еске салайық, қор 2022 жылы қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылды. Қордың негізгі мақсаты - мұқтаждарға, зардап шеккендерге көмек көрсету, гуманитарлық бағыттарды дамыту.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Тоқаев

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен

жеке дерек

Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады

Дархан Сатыбалды, Олжас Сүлейменов

20 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент