Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Қазақстан халқына» қорын Болат Жәмішев басқарады

Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының басшысы болып Болат Жәмішев тағайындалды.

«Қазақстан халқына» қорын Болат Жәмішев басқарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қорға кім басшы болады?» деген мәселе бұған дейін қоғамда қызу талқыланған. Басшылыққа өзін-өзі ұсынғандар да болды. Алайда ел басшылығы бұл лауазымға қаржыгер Б.Жәмішевті лайықты деп тапты.  

«Қазақстан халқына» қорының міндеттері:

  • денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан халқына қайырымдылық көмек көрсету;
  • төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимі енгізілгенде зардап шеккен халыққа көмек көрсету;
  • халықтың әлеуметтік осал топтарынан мұқтаж балалар мен балалар үшін спорттық инфрақұрылымның дамуына және оның қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу;
  • Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау;
  • Қор қызметінің өзге басым бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету.

Қорды қаржыландыру жеке көздерден, халықаралық қайырымдылық ұйымдарының қаражатынан, лотерея қызметі операторының, мөлшерлемелерді есепке алу орталығының және басқа да монополистердің міндетті аударымдарынан, ірі бизнес тарапынан тұрақты аударымдардан, қайырымдылыққа, оның ішінде квазимемлекеттік секторға арналған қаражаттан жүзеге асырылады.

«Қазақстан халқына» қорының төрағасы лауазымына қамқоршылық кеңес Болат Жәмішевтің кандидатурасын ұсынғаны және шешім бірауыздан қабылданғаны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық