«Қазақстан халқына» қоры қостанайлықтарға жәрдем береді
Қазақстан халқына қоры Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге жәрдем береді.
Алматы, NEGE. Ұйым басшылығы жергілікті әкімдікпен тиісті келісімге келді. Яғни баспанасыз қалған азаматтардың жаңа үйлері салынып біткенде, қажетті жиһаз бен техника қор есебінен сатып алынады. Бұл туралы бүгін төраға Болат Жәмішев мәлімдеді. Оның айтуынша, жақын арада жауапты мамандар бөлінеді қаражаттың сомасын есептеп, жариялайды.
Болат Жәмішев, «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы:
– Біз облыс әкімдігімен келісіп, тұрғындар жаңа баспаналарына көшкен кезде, үй ішіне керек дүниелерді алып береміз деп келістік. Өйткені олар өртке зінде бүкіл мүлкінен айырылғанын түсініп отырмыз. Әзірге берілетін қаражат сомасы белгіленген жоқ. Бірақ бұл қаражат зардап шеккендердің барлық қажеттілігінін қамтиды деген ойдамыз.
Бүгін ұйым өкілдері қор жұмысының жаңа тұжырымдасын таныстырды. Ол 6 санат бойынша жәрдем береді. Тізімде техникамен жабдықтау, білім беру, әлеуметтік қызметтер, төтенше жағдайларда қаржылай көмек көрсету сынды бағыттар көрсетілген. Айта кетерлігі «Қазақстан халқына» қоры құрылған сәттен бастап оның шотына 150 миллиард теңге түсті. Қазір ұйым тізімінде 80 мыңға жуық донор бар. Олардың басым бөлігі жер қойнауын пайдаланушы компаниялар болғанымен, арасында жеке тұлғалар да жоқ емес.