USD
USD
USD

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына үш айда 126 млрд теңге қаржы түсті

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына үш айда 126 млрд теңге қаржы түсті. Бұл туралы аталған қордың төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына үш айда 126 млрд теңге қаржы түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «126 млрд теңге түсті, оның негізгі бөлігі ірі төлемшілерден болды. Сонымен қатар, қомақты қаражат аударған орта кәсіпорындар да баршылық. Біздіңше, осы кәсіпорындар биылға арналған жоспарларын орындап шықты», – деді Б. Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол жеке адамдар да өз қаражатын бағыттап жатқанын атап өтті.

«Қазіргі кезде қор қаражатын толықтыруға қатысты басқа бағыттардан келіп жатыр. Яғни, қаражат шағын сомада жеке адамдардан жіберіліп отыр. Олар Kaspi.kz арқылы мүмкіндігінше ақша бөлгенін көріп жатырмыз», – деді Болат Жәмішев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қаңтар оқиғасында қаза болған 13 адамның туыстарына қордан қаражат аударылмақ.

«Бүгінде қаза тапқан 19 және ауыр жараланған 106 Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне және Қорғаныс министрлігі мен Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне материалдық көмек көрсетілді. Жалпы сома 451 млн теңгені құрады», – деді Л. Шыңғысбаева.

Сондай-ақ ол қаңтар оқиғасында жазатайым қаза болғандардың туыстарына қаражат бөлінгенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі