USD
USD
USD

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы басталды

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясы басталды, деп хабарлайды ktk.kz.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ассамблеяның бұл жолғы жиыны «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен өтеді.  «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғалымжан Құсманғалидің айтуынша, сессия екі күнге жоспарланған болатын. 

«Бірінші күні үш секцияда пікірталастар өтеді – «Ұлт келешегі және ҚХА-ны жаңғырту, «Халық бірлігі; білімнің, мәдениеттің және азаматтық қоғам мен бұқаралық медиа институттарының рөлі» және үшінші секцияның тақырыбы: «Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар сессиясы» тақырыптары талқыланады. Екінші күні ҚХА сессиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді», - деді ол.

Кеше орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен ведомство отырысы өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған кандидаттарды тіркеу мәселесі қаралды. Дауыс беру биылғы 28 сәуірге тағайындалған. 

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер