Қазақстан халқы 18 миллион 570 мың адамға жетті
2019 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқы 18,57 млн адамға жетті, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен.
Алматы, NEGE. Статистика комитенінің хабарлауынша, 18,57 млн халықтың 10 837, 8 мыңы (58, 4 пайызы) – қалалық, 77732,5 мыңы (41, 6 пайызы) ауылдық жерде тұрады. 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тұрғындар саны 236 мың адамға, яғни 1,3 пайызға артқан. Ал осы уақыт ішінде халықтың көші-қон сальдосы теріс (-26,2 мың адам). Қазақстанға 833 944 келді, 860 144 адамға азайды.
Қазір оқып жатыр
Алматы және Алматы облысында электр энергиясы тарифін 8,3%-ға көтеру ұсынылды
Әбілқасымованы отставкаға жіберу туралы петицияға агенттік жауап берді
Таиландтан сәлемдеме алып жүрген алматылық жігіт 16 жылға сотталды
Ресейде кәмелетке толған азаматтарға әке-шешесін ата-ана құқығынан айыруға рұқсат етілмек