USD
USD
USD

 Қазақстан халықаралық 16 әуе рейсін қысқартады

Қазан айының ортасына дейін Қазақстан 16 халықаралық рейсті қысқартады. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов айтып берді.

 Қазақстан халықаралық 16 әуе рейсін қысқартады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Әуе рейстерін қысқарту мәселесі қазір талқыланып жатыр. Қазір курорттық маусым аяқталып келеді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен курорттық қалаларға ұшатын рейстер бойынша қысқарту кестесі әзірленді. Менің ше бұл біздің азаматтарымызға қолайсыздық тудырмайды, өйткені ол жақта да күн суып, маусым жабылып жатыр. Қазан айының ортасына дейін 16 рейсті қысқарту жоспарланған. Әрі қарай, эпидемиологиялық жағдайға қарай шешім қабылдаймыз»,  – деп жауап берді Е. Қиясов.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынған болатын. ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен қазанның 5-інен 6-сына қараған түні әуежайлар халықаралық рейс жолаушыларын жаңа ережеде қабылдай бастайды. Жолаушыларға сауалнама, термометрия және ПТР анықтама міндеттеледі. Осы орайда астаналық әуежай жаңа күшейтілген талаптарда қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Сонымен бірге, бас санитарлық дәрігер кинотеатрлардың жұмысын жандандыру жөнінде пікір білдірді.

Қазір оқып жатыр

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID