USD
USD
USD

Қазақстан футболшысының голы Еуропада үздік атанды

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысындағы үздік атанды, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстан футболшысының голы Еуропада үздік атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген 26 наурыз күні 86-минутта Каспер Шмейхельдің қақпасына гол соққан еді. Сол ойында біздің құрама 3:2 есебімен жеңіске жетті.

УЕФА-ның техникалық қадағалаушы мамандары құрлықтық доданың іріктеу сатысындағы үздік он голды анықтаған еді.

Одан кейін жанкүйерлердің дауыс беруіне мүмкіндік жасалды.

УЕФА-ның техникалық қадағалаушы мамандары Асхат Тағыбергеннің алыстан соққан голын сегізінші орынға лайықты деп санаған еді. Ал жанкүйерлер арасында ол бірінші орынға шықты.

Екінші және үшінші орындарға Албания құрамасының ойыншылары Ясир Асани мен Кристьян Асланидің соққан голдары лайықты деп бағаланды.

Қазір оқып жатыр

Binance криптобиржасына хакерлік шабуыл жасалды

СryptoCity

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov