USD
USD
USD

Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуге дайын

Қазақстан 2025 жылға дейін шикізаттық емес тауарлар экспортын екі есеге ұлғайтпақ.

Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуге дайын
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан 2025 жылға дейін шикізаттық емес тауарлар экспортын екі есе ұлғайтуды көздеп отыр. Бірақ бұл тек қағаз жүзінде қалуы мүмкін. Мәселенің шешімі қандай? Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуге дайын  Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуге дайын. Оның ішінде Шведт мұнай өңдеу зауытына қатысты ұсыныстарды қарауы мүмкін. «Алайда бұл транзит мәселесі. Өйткені бізде Еуропалық Одақпен тікелей шекара жоқ. Сондықтан мұндай өтініш болған жағдайда бәлкім қарастыруға болады» деді Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов.

"Қазір жеткізілім тізбегі бойынша әртүрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Мұнайды тұтынатындар басқа механизмдерді қарастыруда. Бірақ мұны барлық жерде іске асыруға мүмкіндік жоқ. Өйткені мұнай құбырлары жүйесі бір күнде өзгермейді, оны бір жылда салу мүмкін емес. Қазақстанға келетін болсақ, бұл әрине транзит мәселесі", - деді ол.  Еске салайық, Германия Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауыты үшін Қазақстанда мұнай сатып алуға ниеті туралы хабарлаған. Шведтегі зауыттың қуаты жылына 11,6 млн тонна мұнай өнімдерін құрайды. Кәсіпорын жобалау кезеңінен бастап тарихи түрде "Дружба" мұнай құбырымен және Ресей Федерациясының кен орындарымен байланысты болды.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған