USD
USD
USD

Қазақстан Еуропаға бидай экспорттау көлемін екі есеге ұлғайтқан

Еуропалық бағыттағы бидай экспорттың құны 3,1 есеге өскен, яғни 25,1 миллионнан 77 млн долларға дейін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Еуропаға бидай экспорттау көлемін екі есеге ұлғайтқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  7 ай ішінде Еуропаға 183,3 мың тонна Қазақстан бидайы жөнелтілді, бұл – өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 2,1 есе көп (85,7 мың тонна) көлем, делінген Tradereport.kz Telegram-арнасында.

Еуропадағы негізгі тұтынушылар - Италия (82%), Польша (6%), Латвия және Мальта (әрқайсысы 3%). Сондай-ақ Грекия, Ұлыбритания, Швейцария және Финляндияға да шағын көлемде астық экспортталады.

Ауыл шаруашылығы шикізаты экспортының өсімі макарон өнімдерін өндіру бойынша әлемдегі ең ірі ел — Италияға бидай тасымалдаушылар арасында Қазақстанның төртінші орынға орнығуына мүмкіндік берді. 2022 жылы Канада мен Австралиядан келетін бидай тасымалының төмендеуіне байланысты осындай жағдай қалыптасқаны айтылады.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған