USD
USD
USD

Қазақстан ерлер құрамасы Испанияда грек-рим күресінен топ жарды

Қазақстан ерлер құрамасы Испанияның Ла-Нусия қаласында «Jovenes Promesas» халықаралық турнирінде грек-рим күресінен топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан ерлер құрамасы Испанияда грек-рим күресінен топ жарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, грек-рим күресінің шеберлері 12 медальмен марапатталып, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды.

Жүлденің жетеуі – алтын, төртеуі – күміс, біреуі – қола.

Атап айтқанда, Ербол Камалиев (55 кг), Азамат Құрман (60 кг), Ержет Жарылқасын (63 кг), Сұлтан Әсетұлы (67 кг), Омар Сатаев (77 кг), Мақсат Сайлау (87 кг) және Асылбек Әбдіқалық (130 кг) алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ Асаухат Мұхамадиев (63 кг), Ерсін Абыир (55 кг), Дәулет Жалғасов (77 кг), Ерзат Ерланов (97 кг) екінші, Ерасыл Мамырбеков (55 кг) үшінші орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық балуан қыздардың Испаниядағы турнирде 10 медаль жеңіп алғанын жазған едік.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors