USD
USD
USD

Қазақстан Елшісі Бангладеш Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Үндістандағы және Бангладеш Халық Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Нұрлан Жалғасбаев Бангладеш Президенті Абдул Хамидке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан Елшісі Бангладеш Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Бангабхабан» президенттік сарайында өткен сұхбат барысында Н.Жалғасбаев Бангладеш басшысы мен халқына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді.

Сонымен қатар, Елші БХР Президентін Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырып өтті.

Тараптар Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) және Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) шеңберіндегі өзара ықпалдастықты қоса алғанда, екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары туралы пікір алмасты. А.Хамид Қазақстан сыртқы саясатының басымдықтары және елімізде жүргізіліп жатқан ішкі саяси және экономикалық өзгерістермен хабардар болды.

Әңгімелесу қорытындылары бойынша Нұр-Сұлтан мен Дакканың екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігі аталып өтті.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері