USD
USD
USD

Қазақстан Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды

ЮНЕСКО-ның аса маңызды әрі беделді басқарушы органы саналатын Дүниежүзілік мұралар комитетінің құрамына 21 мемлекет кіреді. Қазақстан осы комитеттің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан ҚАРИН мәлімдеді.

Қазақстан Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Парижден жағымды жаңалық жетті. ЮНЕСКО Бас конференциясы жұмысының соңғы күні Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды.
Құрамына 21 мемлекет кіретін Дүниежүзілік мұралар комитеті ─ ЮНЕСКО-ның аса маңызды әрі беделді басқарушы органы. Бұл Комитеттің нысандарды Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге және алып тастауға айрықша құқығы бар.
Қазақстанның кандидатурасын 118 мемлекет қолдады.
Еліміздің Дүниежүзілік мұралар комитетіне мүше болып сайлануы бірегей мәдени және табиғи мұраларамызды сақтауға қатысты белсенді жұмысымызды халықаралық қауымдастықтың мойындайтынын көрсетеді.
Сондай-ақ бұған дейін ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кеңсесіне Орталық Азия мемлекеттерінен бөлек Ауғанстан, Пәкістан және Иран мемлекеттерін қамтитын Көпсекторлы аймақтық кеңсе (Бюро) мәртебесін беру туралы шешім қабылданған болатын», – деп жазды Мемлекеттік кеңесші.

Қазір оқып жатыр

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы