USD
USD
USD

«Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы анықталды (видео)

4 айға жалғасқан «Қазақстан дауысы» жобасы өз мәресіне жетті.

«Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы анықталды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Байқауда 18 жастағы Құралай Мейрамбек бас жүлдені иеленді. Осылайша Сәкен Майғазиевтің тобы жеңіске жетті.  Құралай Мейрамбек Қызылорда облысының тумасы. Болашақ арт-менеджмент маманы. «Көрмей тыңдау» кезеңінде «Қорқыт-қобыз» әнін орындап, көпшіліктің есінде қалған болатын. Өнерпаздың аталған кезеңде көрсеткен өнерінің видеосы YouTube-та 1 197 000 қаралым жинап үлгерді. 

Құралай ақтық сында Бейбіт Оралұлының әні мен Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған «Толғау» шығармасын орындады. Сондай-ақ, тәлімгері Сәкен Майғазиевпен бірге «Арман-ау» халық әнін шырқады. 

Финалда жеңімпазды көрермендер дауыс беріп, анықтады. Құралай 40 пайыз дауыс жинап, бас жүлдені иеленді. Жобада ерекше стилімен және өнерімен көзге түскен Ерік Төленов (Alem-нің тобы) екінші орын алды. Ал Майра Мұхамедқызының шәкірті Ернар Амандық үшінші орынға, Маржан Арапбаеваның командасындағы әнші Аружан Айдарбек төртінші орынға жайғасты. 

Айта кетейік, биыл «Қазақстан дауысы» атануға 6 мыңға жуық әнші өтініш білдірді. Жобаға Қытай, Украина, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан елінен келген әншілер қатысты. 

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамыту бағдарламасын таныстырды

.

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді

Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы

дәрігер