USD
USD
USD

Қазақстан Черногориямен жолдастық кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан құрамасы қараша айында Черногориямен жолдастық кездесу өткізбек. Бұл  туралы Черногория футбол одағы мәлімдеген.

Қазақстан Черногориямен жолдастық кездесу өткізеді
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE. Кездесу 11 қарашада сол елдің астанасы - Подгорице қаласында өткізіледі. Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы қыркүйек-қараша айларында Ұлттар лигасы ойындарына қатысады. С лигасы төртінші тобында Албания, Беларусь және Литвамен шеберлік байқасады. Ал Черногория аталған лиганың бірінші тобында Кипр, Люксембург және Әзербайжанмен ойнайды. Қазақстан аталған қарсыласымен бұдан бұрын үш мәрте кездесті. 2008 жылдың 27 мамырында Подгорицеде өткен жолдастық кездесуде қазақстандық құрама қарсыласынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Одан кейін екі құраманың жолы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Е тобында түйісті. Алдымен 2016 жылдың 8 қазанында Подгорицеде 0:5 есебімен есе жіберген қазақстандық құрама 2017 жылдың 1 қыркүйегінде елордада оларға 0:3 есебімен есе жіберді.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық