USD
USD
USD

Қазақстан бойынша 3,9 млн га астық жиналды

Бүгінгі күні Қазақстан бойынша 3,9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, бұл жоспарланған көлемнің 22,3% болды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабектің төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында елдегі егін жинау науқанын өткізу барысы талқыланды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қазақстан бойынша 3,9 млн га астық жиналды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соңғы мәліметтер бойынша орташа өнімділік 10,2 ц/га құрап, 3,9 млн тонна астық бастырылған. Майлы дақылдардың орташа өнімділігі 7,1 ц/га құрайды, шамамен 63,1 мың га жиналды. Сондай-ақ 202 ц/га өнімділікпен 613,2 мың тонна картоп жиналды, Биыл көкөністердің өнімділігі 227 ц/га құрап отыр, шамамен 1,8 миллион тонна жиналды. 

Фермерлерді жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз ету шеңберінде шарттар жасалып, 176,4 мың тонна жанармай (41%)  құны төленіп, 156,6 мың тонна (37%) тиелді.  

Егін жинау науқанын сәтті өткізудің негізгі мәселесі фермерлерді қаржымен қамтамасыз ету болып табылады. Былтырғыдай «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы 140 млрд теңгені құрады.

«Азық-түлік корпорациясының» желісі бойынша астық жеткізудің қажетті көлеміне келісім-шарт жасалды, ол үшін 81,2 млрд теңге бөлінді. Азық-түлік корпорациясының басшысы биыл жалпы көлемі 290 мың тонна форвардтық астық сатып алынғанын, сондай-ақ 600 мың тоннаға тауарлық кредиттер берілгенін атап өтті. Асылхан Джувашев облыс әкімдіктерінің назарын фермерлердің ауыл шаруашылығы өнімдерін уақтылы тапсыруын бақылау қажеттігіне аударды. Форвард пен тауарлық несиелерді уақтылы өтемеудің салдары келесі жылы өңірлердің лимитіне әсер етеді.

Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі келесі жылдан бастап фермерлер субсидия алуы үшін өз алқаптарын толық цифрландыру қажет екенін еске салды. «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ деректеріне сәйкес, фермерлердің өтінімдері бойынша небәрі 5 млн га цифрландырылды, кейбір өңірлерде цифрландыруға өтінімдер жоқ, деп атап өтті Әбілхайыр Тамабек. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс