USD
USD
USD

Қазақстан басқа мемлекеттерден 100 мың тонна қант сұрады

Қазір елімізде 350 мың тонна қор бар. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан басқа мемлекеттерден 100 мың тонна қант сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Қазір 350 мың тонна қор бар. Басқа елдерден қант сұрап жатырмыз. Әлемде негізгі жеткізушілердің бірі - Бразилия, Үндістан және Вьетнам. Бірақ Үндістан да оның көлемі шектеулі, сондықтан біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деді ведомство басшысы. 

Оның айтуынша, министрлік қордағы 350 мың тоннадан бөлек тағы 100 мың тонна қант сұратқан. 

“Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі келіссөздер жүргізіп, индикативті теңгерімдерді сәйкестендіріп, өзіндік есептеулер жүргізіп жатыр. Бұл мәселеге кейін қайта ораламыз", – деді  Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында. 

Сонымен қатар ол 15 шілдеде Беларусьте ЕЭК Кеңесінің кезекті отырысы өтетінін, оның барысында тараптар қант импорты мәселесін қосымша қарастыратынын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова