USD
USD
USD

«Қазақстан барысы» турниріне іріктеу өтті

Елордада "Қазақстан барысы" турниріне іріктеу болды. 

«Қазақстан барысы» турниріне іріктеу өтті
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Елордада қазақ күресінен ересектер арасында жарыс өткізілді. Бұл республикалық «Қазақстан барысы» турниріне іріктеу боп есептеледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Биылғы бәсекеге бас-аяғы 100-ге жуық палуан қатысты. Алдымен олар 8 салмақ бойынша үздіктерді анықтады. Артынан түйе палуандар сынға түсті. Бұл жарысқа 25 спортшы араласты. Нәтижесінде Айбат Сейтен қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Екінші орынға Олжас Шынкев жайғасса, Айтуар Айтулов үздік үштікті түйіндеді. Сәйкесінше, алдыңғы екеуі республикалық турнирге жолдама алды. Дәл осындай форматтағы жарыстар еліміздің басқа өңірлерінде өткізіліп жатыр. Кейін топ жарғандары шілденің басында елодрадағы Барыс Аренаға жиналып, Қазақстан барысы атағына таласады.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur