USD
USD
USD

Қазақстан балалар дәрігерлерінің ІХ съезі өтуде

ҚР ДСМ «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ және Қазақстанның «Педиатрлар Одағы» ҚБ 21-23 сәуірде халықаралық мамандардың қатысуымен «Педиатрия және балалар хирургиясының жетістіктері мен перспективалары» атты Қазақстан балалар дәрігерлерінің ІХ съезі онлайн-режимде өтіп жатыр. 

Қазақстан балалар дәрігерлерінің ІХ съезі өтуде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оған алыс және жақын шетелдердің педиатрия және балалар хирургиясы саласындағы жетекші ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ отандық ғалымдар қатысуда.

Шараның салтанатты ашылу рәсімін ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Цой ашып, АҚШ-тан атқарушы вице-президент, жаһандық педиатрия департаментінің басшысы, St.Jude Global директоры Карлос Родригес Галиндо және Украина ОХМАТДЕТ ұлттық мамандандырылған аурухананың бас директоры В. Жовнир құттықтау сөз сөйледі.

АҚШ, Чехия, Ұлыбритания, Ресей, Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да алыс-жақын шетелдердің мамандары қатысып жатқан съездің алаңында балалар жасындағы ауруларды диагностикалау мен емдеудің ең өзекті мәселелері талқыланбақ. Барлығы 14 ғылыми сессия барысында 100-ден астам баяндама жасалады. Балалар хирургиясы, балалардағы сирек кездесетін ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа стандарттары, әртүрлі соматикалық және хирургиялық патологиясы бар балаларды оңалту және медициналық-әлеуметтік бейімдеу, балалар жасындағы қарқынды терапия мен анестезиология, педиатриядағы ақпараттық технологияларды дамыту мәселелері қозғалады.

Съезд шеңберінде 23 сәуірде докторанттар, магистранттар және резиденттер үшін «Жас зерттеуші: заманауи педиатрия мен балалар хирургиясының сын-тегеуріндері мен даму перспективалары» атты жас ғалымдар форумы өтеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy