USD
USD
USD

Қазақстан Азия ойындарында жүлде саны бойынша алғашқы бестікке енді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарының қорытынды нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 80 медаль алып, жүлде саны жөнінен алғашқы бестікке кірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қазақстан Азия ойындарында жүлде саны бойынша алғашқы бестікке енді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ел құрамасы екі аптадан астам уақыт бойы 80 медаль (10 «алтын», 22 «күміс», 48 «қола») еншіледі. Бұл жөнінен қазақстандық спортшылар жалпы командалық есепте бесінші орынға жайғасты.

Ал Өзбекстан құрамасы 71 медаль (22-18-31) алып, алтыншы орынға табан тіреді.

Медальдар кестесіндегі үздік ондықтағы құрамалар:

1.Қытай - 383 (201-111-71)

2. Оңтүстік Корея - 190 (42-59-89)

3. Жапония - 188 (52-67-69)

4. Үндістан - 107 (28-38-41)

5. Қазақстан - 80 (10-22-48)

6. Өзбекстан - 71 (22-18-31)

7. Кытайлық Тайбэй - 67 (19-20-28)

8. Таиланд - 58 (12-14-32)

Еске салсақ, бүгін Азия ойындарында каратэші Мөлдір Жаңбырбай күміс медаль алды.

Сондай-ақ, қазақстандық спортшылар артистік жүзуден командалық сайыста қола жүлдегер атанды.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси