USD
USD
USD

Қазақстан Әзірбайжанға қару-жарақ жеткізген жоқ

Кейбір ақпарат құралдарында Қазақстан Әзірбайжанға қару-жарақ жеткізген деген ақпарат тарады.

 Қазақстан Әзірбайжанға қару-жарақ жеткізген жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кейбір интернет-сайттарда және әлеуметтік желілерде Қазақстан Әзербайжанға қару-жарақ жеткізе бастады деген хабарлама тарады. Бұл тұжырым – фейк, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz ресурсына сілтеме жасап. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл хабарламаны ресми түрде жоққа шығарды. «Қазақстан еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы барлық міндеттемелерін сақтауды ұстанады және басқа елдерге қару-жарақ жеткізу ниеті жоқ. Мақалада айтылған мәліметтер шындыққа жанаспайды және оған еш негіз жоқ» делінген ведомство мәлімдемесінде. Министрлік жалған мәліметтерге сенбеуге шақырады. Тек ресми дереккөздерді ғана басшылыққа алу керек.

Министрлік жалған мәліметтерге сенбеуге шақырады. Тек ресми дереккөздерді ғана басшылыққа алу керек. ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің ақпаратына сәйкес, 2-3 қарашада Нұр-Сұлтан мен Баку қалалары арасында Silk Way West Airlines әуе компаниясының ұшақтары ұшпаған.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

.

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

.

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

таза

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

балта